БОРАН

lat: BORAN /60/

зат. Топырақты, қарды бұрқырата ұйтқып соғатын күшті жел .

Соқты боран , ұшты қар,

Тікендейін үскірік.

Шыңылдаған зәрлі ызғар,

Күшінде тұр түшкіріп (1,47).

Таңғы шақ,

Аяз сорып тұр.

Соғып тұр боран , соғып тұр.

Ақ құсым, мені аман-сау

Алматымменен жолықтыр (2,362).